17:55, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Астана мен Атбасар аралығында жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола обылысындағы республикалық маңыздағы жолдың учаскесі жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ден хабарланды.
Атап айтқанда, боранға байланысты сағат 16:30-дан бастап «Екатеринбор-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Астана мен Атбасар аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары аумағында бірқатар жолдар жабық тұр.