Астана мен Көкшетау аралығында көлік қозғалысы бөгелді

Ақмола облысы бойынша қолайсыз ауа райы салдарынан автокөліктің барлық түрлері үшін 8 наурызда мына жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды:
сағат 01.15-тен бастап «Астана-Петропавл» жолының 18-252 шақырымындағы Астана қ.-Щучинск аралығы;
сағат 08.50-ден бастап «Щучинск-Зеренді» жолының 0-80 шақырымы аралығы;
сағат 09.30-дан бастап «Астана-Петропавл» жолының 231-293 шақырымындағы Щучинск-Көкшетау аралығы.
Шығыс Қазақстан облысындағы қар көшкіні қаупіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» жолының 422-450 шақырымындағы Берел-Рахман қайнарлары аралығында жол жабық.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.