«Астана» мен косоволық «Балкани» арасындағы матчты қайдан көруге болады

футбол
Фото: ҚФФ

Футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» (Қазақстан) - «Балкани» (Косово) кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Төртінші турдағы «Астана» - «Балкани» ойыны 9 қарашада елорда уақытымен 21:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Приштина (Косово) қаласында өткен алғашқы кездесуінде астаналық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Алғашқы үш турдан кейін С тобындағы турнир кестесі төмендегіше: «Виктория Пльзень» (Чехия) - 9, «Динамо Загреб» (Хорватия), «Балкани», «Астана» - 3 ұпай.

«Астана» алда тағы екі ойын өткізеді.

Алдымен 30 қарашада елордада «Динамо Загреб» клубын қабылдаса, 14 желтоқсанда сырт алаңда «Виктория Пльзень» командасымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар