Астана мен Лондон қатынастары нығая түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Фейсбуктегі аккаунтында «Мемлекет басшысының Ұлыбританияға ресми сапарының қорытындылары бойынша» бейнематериалды жариялады.
None
None

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапары 2 қарашада басталды. Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Д.Кэмеронмен, ІІ Елизавета Патшайыммен, сондай-ақ жетекші британдық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.

Сонымен бірге, Н.Назарбаев қазақстандық-британдық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ІІ отырысы ашылуына қатысты.

Соңғы жаңалықтар