Астана мен Павлодар арасына рейстік автобус жүре бастады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жолаушылар екі аралыққа небәрі 4 мың теңге төлеп жете алады. Жолда аялдамалар қарастырылмаған.

автобус, остановка
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Павлодарлық жолаушылар енді елордаға автобуспен де қатынай алады. Таксимен салыстырғанда оның жолақы құны 2,5 есе арзан. Ересектер үшін – 4000 теңге, ал балаларға 2000 теңге төлейсіз.

Бұл туралы өңірлік жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасынан хабарлады.

– Yutong автобусы жолаушыларды тұрақты тасымалдайды. Көлікке 49 жолаушы сыяды. Автобус күнде таңертең сағат 7.00-де Павлодар қаласынан шығады. Ал сағат 16.00-де Астана қаласынан кері сапарлайды, - деп мәлімдеді басқармадан.

Тұрақты бағыттағы автобус рейсіне «№1 автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.

Дейтұрғанмен қысқы уақытта «Астана - Павлодар» автобаны ауа райына байланысты жиі жабылатынын ескерсек, теміржол көлігі қазіргі уақытта ең сенімді тасымал көлік түрі болып тұр.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар әуежайы жөндеуден кейін ашылады. 

Соңғы жаңалықтар