Астана мен Павлодарда экстремизмге қатысы бар күдіктілер ұсталды

қолға түсті
Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен үш адамның ұсталғаны туралы хабарлады. 

2024 жылғы 2-3 мамырда Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп және прокуратурамен келісе отырып, Қазақстанның үш азаматын қолға түсірді. 

Экстремизмге қатысы бар күдіктілер
Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінген.  

Тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. 

Экстремизмге қатысы бар күдіктілер
Фото: ҚР ҰҚК
Экстремизмге қатысы бар күдіктілер
Фото: ҚР ҰҚК

Күдіктілер бұрын әртүрлі қылмыс жасағаны үшін сотты болған. 

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды. 

Экстремизмге қатысы бар күдіктілер
Фото: ҚР ҰҚК
Соңғы жаңалықтар