Астана мен Шымкент қаласының тұрғындарынан екі келіден астам героин тәркіленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қ. Жұмановтың айтуынша, өткен қыркүйектің 16-сы күні Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен қала тұрғыны ұсталып, оны тексеру барысында 1 келі 720 грамм героин тәркіленген. Дәл осындай есірткіге қатысты оқиға қыркүйектің 18-інде Астана қаласында да орын алған. Атап айтқанда, сол күні полиция қызметкерлерімен құрықталған елорда тұрғынан 380 грамға жуық героин табылған. 46 жастағы бұл елордалық азамат есірткімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі екендігі белгілі болған.
Жалпы, өткен аптада республика бойынша 1 мың 920 қылмыс жасалып, оның 1 мың 499-ы ізі суымай ашылған. Сондай-ақ, өткен аптада бұрын жасалған деп саналып келген 422 қылмыс ашылған. Бұдан басқа қылмыс жасады деген күдікпен 355 адам іздестіріліп, 192 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі заттарын сатудың 43 фактісі анықталған.