Астана мен жеті қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- 2025 жылғы 28 ақпанда Қарағанды, Теміртау, Жезқазган, Өскемен, Семей, Шымкент, Риддер, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар