Астана мені жайдары, қонақжай адамдарымен баурап алды - шетелдік мейман М.Фаузер

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана мені жайдары, қонақжай адамдарымен баурап алды. Астанаға Германиядан арнайы келген мейман Михаел Фаузер елорда жайында алған әсерін ҚазАқпарат тілшісіне осылай жеткізді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

«Қала жыл санап бой көтеруде. Өте айшықты, көрікті ғимараттар, жаңа заманғы зәулім кешендер салынып жатыр. Бұл сөз жоқ Орталық Азия аймағындағы ең ажарлы шаһарлардың бірі. Ең бастысы, Астана мені жайдары, қонақжай адамдарымен баурап алды», дейді Астана қонағы.  

 Михаел Фаузер Астанаға екінші жыл қатарынан келіп отыр. Оның айтуынша, елордамыз оған қатты ұнағандықтан, биыл да атбасын бұрып отыр.

 «Көңілім сүйетін жерлерге қайта оралып келетін әдетім бар», деді ол.

 Бүгін М.Фаузер осындағы жолдастарымен бірге қала күніне орай ұйымдастырылып отырған Гүлдер фестиваліне қатысуда. Құр қол келмей өткен ғасырдың басында жасалған раритетті автокөлікті гүлмен әшекейлеп, фестиваль көрмесіне ұсынуға келген екен.

Соңғы жаңалықтар