18:28, 03 Қазан 2012 | GMT +5
«Астана Моторс» кәсіпкерлікті қолдау бойынша алғашқы мобильдік орталықтарын ұсынды
АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясы отандық өндірістен шыққан Hyundai County автобусының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша алғашқы мобильдік орталықтарын ұсынды.

Автобустарда автономдық электр қуат көзі, сондай-ақ кәсіпкерлерді қабылдау және оларға қызмет көрсетуге арналған үстелдер бар.
«Біздің компания «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады, тәжірибе жүзінде бұл бағдарламаның жұмысқа қабілеттілігіне көзіміз жетті және «Даму» қорының бұл жобасы да табысты болатынына сенімдіміз. Қазақстандық кәсіпкерліктің дамуына өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді», - деп мәлімдеді «Астана Моторс» компаниясының өкілі Ш.Нұртілеуов.