Астана нарығының үздік тауары атағына 50 өнім үмітті

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астана кәсіпорындары Конгресс-Холлда «Астананың үздік тауары - 2012» көрме-байқауына қатысуда.

Олар өзара елордалық нарықтың үздігі атағын сарапқа салатын болады.

«Астана күні қарсаңында жылда дәстүрлі түрде өткізілетін шараға биыл 50 кәсіпкер қатысуда. Жеңіске жеткендер өңірлік байқаулардың жеңімпаздарымен бірге «Қазақстанның үздік тауары - 2012» республикалық көрме-байқауына қатысатын болады. Сондай-ақ жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына өтінім бере алады» - дейді Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, Астананың өнеркәсіп саласы елорда құрылғалы бері 11 есе өскен. Соған орай байқаудың беделі де жыл санап артып келеді. Биылғы конкурс «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымдары бойынша өткізілуде.

Қатысушыларға сарапшылар комиссиясы баға беретін болады, оның құрамына мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өкілдері кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram