«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының мергендері Катар гран-приінде үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Стенд ату бөлімінің спортшылары Дохадағы Катар Гран-приінде трап жаттығуы бойынша үздік нәтиже көрсетті.

мергендер
Фото: Спорт комитеті

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті хабарлады.

Жасөспірімдер арасында Элеонора Ибрагимова мен Никита Моисеев алтын медальды жеңіп алды. Ал Ревекка Сигитова мен Егор Царев күміс медальға қол жеткізді. Наргиза Сарманова қола медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біздің спортшылар скит жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын, әйелдер арасында қола жеңіп алды. Нәтижесі - 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль.

Осыған дейін, мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров чемпион атанғанын жазды.

Ал Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінде қарсылақ шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар