Астана олимпиадашыларды құшақ жая қарсы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған олимпиадашыларымызды қарсы алды.
None
None

Астана халықаралық әуежайын елорда тұрғындары мен қонақтары түрлендіріп жіберді. Осында жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатып әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды.

Оңтүстік Америкадан алтын медаль алған Данияр Елеусінов, күміс алған Василий Левит, Гүзел Манюрова, қола медаль иеленген Иван Дычко, Дариға Шәкімова, Элмира Сыздықова сынды саңлақтармен қатар, Риода өнер көрсеткен өзге де боксшылар мен балуандар жанкүйерлер алдынан жүріп өтті.

Еске сала кетейік, ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин және 69 келі салмақтағы боксшымыз Данияр Елеусінов  Рио Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін, балуан Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов және әйелдер күресінен  Гюзель Манюрова еншіледі.

Ал Отгонцэцэг Галбадрах, үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков және әйелдер күресінен кеше Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Қазақстан жалпы есепте 22-орынды иеленді.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар