«Астана-Өнім» жылына 6000 литр сүт өңдейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәулігіне 10 тонна сүтті қайта өңдеу қуатындағы «Астана-Өнім» акционерлік қоғамы елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етудегі маңызды буын саналады, деп жазады egemen.kz.

Кәсіпорынның бас директоры Ғалымжан Әбді­халықовтың айтуынша, шаруашылықта 680 бас сауын сиыр және жылқы мен түйе түлегі бар. Кешеннің жобалық қуаты 800 ірі қараға арналғандығын ескерсек, «Астана-Өнімнің» алдағы даму қарқынын бағамдай беруге болады. Қазір мұнда асыл тұқымды әр сиырдан жылына 6000 литрге дейін сүт сауылуда. Бұл кешеннің астаналық нарыққа сүт, айран, қаймақ, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат сияқты өнімдердің 23 түрін шығаруына мүмкіндік беруде.

- Қазіргі таңда біз аналық мал басын көбейтуге мүдделіміз, - дейді бас директор. - Өз меншігіміздегі бордақылау алаңын жабдықтау мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Бірақ, малазығына арналған екпе жердің, жайылымдық алқаптың жетіспеушілігі қолымызды байлауда.

Соңғы жаңалықтар
telegram