Astana Open ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды

Елордада Astana Open ATP 250 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

астана атп турнир
Фото: ktf.kz

Жекелей сында әлемнің 28-ракеткасы, америкалық Себастьян Корда мен дүниежүзілік рейтингте 34-орында тұрған франциялық Адриан Маннарино чемпиондық атақты сарапқа салды. 

С.Корда небәрі 23 жаста болса, тәжірибелі А.Маннарино 35-те еді. 

Бұдан үш жыл бұрын франциялық теннисші финалға дейін жетіп, онда аустралиялық Джон Миллманға жол берген еді. 

Бұл жолы Адриан Маннарино сол кеткен есені қайтарып, 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 11 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жұптық сында финалда жарыстың 4-ракеткалары, хорватиялық Мате Павич – аустралиялық Джон Пирсті 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен ұтқан америкалықтар Натаниэль Ламмонс – Джексон Уитроу үздік шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжіңде Азиада чемпионын ойсырата ұтқанын жазған болатынбыз. 

Юлия Путинцева Бейжіңде әлемнің 10-ракеткасына жол берді.

Қазақстандық үш теннисші Шанхай мастерс турниріне жолдама алды

Соңғы жаңалықтар