«Астана Опера» Веронадағы Опералық әншілердің халықаралық конкурсына қатысуда

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Веронада (Италия) қарашаның 4-і басталған Опера әншілерінің халықаралық конкурсы осы айдың 10-ына дейін жалғасады. 40 елден, соның ішінде Қазақстаннан келген қатысушыларды алдын-ала жүргізілген тыңдау барысында іріктеді. Енді олар 4-6 қараша аралығында Джакомо Пуччинидің «Богема» және Гаэтано Доницеттидің «Мария Стюарт» операларын орындап, іріктеу кезеңінен өтеді, ал байқау финалы 7-8 қарашада болады. Жеңімпаздар 2014 жылдың қысында Arena di Verona театрында партияларды орындау жөнінде келісімге отырады.
None
None

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған конкурс екі жылда бір рет ЮНЕСКО қолдауымен өтеді. Arena di Verona театрының әртістік директоры Гаваццени мырза фестивальдің төрағасы болып табылады.

«Астана Опера» театры Опералық труппасының көркемдік жетекшісі Гюзель Хайбулина 10 жылдан бері опера әншілерінің белгілі бір партияны орындау жөніндегі халықаралық конкурсында қазылар алқасының мүшесі. Осы конкурстың алдында Хайбулина Мәскеу, Петербург және Астанада 90-нан астам адамды тыңдап шықты. «Астана Опера» театрынан ол біздің үздік әншілерімізді алып барды, олар: Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Галина Чеплакова, Әлфия Кәрімова.

«Arena di Verona-ға қатысу- кез келген әртістің арманы, біздің әртістердің деңгейі өте жоғары деп санаймын, әсіресе мен Рудольф пен Марсель партиясындағы Медет Шотабаев пен Сүндет Байғожинді ерекше атап өтер едім. Әлфия Кәрімованың жеңіске жететін барлық мүмкіндігі бар, ол осы конкурс үшін Мария Стюарттің ауқымды партиясын арнайы жаттады. Мен конкурстан кейін осы спектакльдің, мейлі жартылай концерттік нұсқада болсын, Астана көрерменіне ұсынылғанын армандаймын», - деді өз ойымен бөліскен Гюзель Ғарифоллақызы. Қарсыластардың ішінен ол Италия, Оңтүстік Корея және Қытай әншілерін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар