«Астана - Орал» және «Алматы - Орал» жүрдек пойыздары іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 26 қыркүйегі күні «Астана - Орал», «Алматы - Орал» бағыттары бойынша жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары іске қосылады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
None
None

«Астана - Орал» пойызы ағымдағы жылдың 26 қыркүйегі күні «Астана - Нұрлы жол» станциясынан сағат 11:33-те аттанып, Орал станциясына 27 қыркүйек күні 12 сағат 42 минутта жетеді. Пойыздың жолдағы уақыты 13 сағатқа қысқарады (39 сағаттан 26 сағатқа дейін).

Алматы - Орал пойызы «Алматы-2» станциясынан 26 қыркүйек күні 20 сағат 17 минутта аттанып, Орал станциясына 28 қыркүйек күні 10 сағат 37 минутта жетеді.

«Алматы - Орал» пойызының  жолдағы уақыты 22 сағатқа қысқарады (60 сағаттан 38 сағатқа).

Әр құрам қазақстандық өндірістегі 27 вагоннан құрастырылып, олардың екеуі «Гранд» класындағы, екеуі - «Бизнес» купе вагондарын құрайды. 

Соңғы жаңалықтар