12:30, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Астана Орталық Азиядағы маңызды экономикалық өңірге айналды - Елбасы
АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана Орталық Азиядағы маңызды экономикалық өңірге айналды.

Бүгін республикамыздың бас алаңы - «Қазақ елі» монументінің алдында өтіп жатқан Астана күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астананың 11 жылдығы - тарих үшін қас-қағым сәт. Осы уақыт ішінде біздің елордамыз тек еліміздегі ғана емес, сонымен бірге тұтастай Орталық Азия өңіріндегі маңызды экономикалық аймаққа айналды», - деді Н. Назарбаев.
Елбасының айтуынша, елорда мәртебесін алған сәттен бері Астананың еліміздің Ішкі жалпы өніміндегі үлесі 1,5 пайыздан 10 пайызға дейін өсті. Осы уақыт ішінде қаланың өңірлік жалпы өнімінің көлемі 17 есеге ұлғайды. «Қазақстанның елордасы қарқынды дами отырып өзінің соңынан бүкіл елді нық сеніммен ертіп келеді», - деді Мемлекет басшысы.