Астана-Өскемен автобанының құрылысы осы жылы елордада және Павлодарда бір уақытта басталады

ПАВЛОДАР. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Павлодарда аймақ басшысы Ерлан Арын және ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр Астана-Өскемен автобаны құрылысы бойынша ірі жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген еліміздің көліктік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша Астана мен Өскемен қалаларын байланыстыратын төрт жолақты цемент-бетондық жабынды магистраль салуды бастау жөнінде шешім қабылданды.

Құрылыс жұмыстары осы жылы Астанада және Павлодарда бір уақытта басталады.

Қазіргі заманға сай жол құрылысы барысында облыс орталығынан оңтүстік-батыс айналма жолын салу қарастырылған, Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Ақсуды қосатын көпір тұрғызылады.

Соңғы жаңалықтар