Астана-Павлодар автожолында жол апатынан 5 адам зардап шекті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Олардың төртеуін жедел жәрдем бригадасы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендер арасында 2009 жылғы қыз бала бар.

жол апаты
Фото: Видеодан алынған скрин

Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай «Астана-Павлодар» автожолында үш автокөлік соқтығысқан.

- Автобанның 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.

Бұған дейін Павлодар - Астана бағытындағы ақылы автобан қатты ыстықтан бүлінгені туралы жазғанбыз.

Жол-көлік апаты сол жерге жақын маңда болған.

Соңғы жаңалықтар