«Астана-Петропавл» автожолында сынып қалған автобусқа көмек көрсетілді - «Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше «Астана-Петропавл» автожолында техникалық жағдайға байланысты сынып қалған автобусқа көмек көрсетілді. Бұл жайында бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Атап айтқанда «Астана-Петропавл» автожолының «Астана-Щучинск» учаскесінің 74 шақырымында техникалық жағдайларға байланысты рейстік автобус сынып қалып, жолда қалған. Аталған кәсіпорынның «Қазақавтожол-Көкшетау» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының техникасы автобусты Шортандының Жол пайдалану пунтісіндегі жылыту бекетіне орналастырды. Ал автобуста болған 16 жолаушы жол-жөнекей Астанаға бара жатқан автобусқа отырғызылып, жөнелтілген.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «Қазақавтожол» РМК-ның көмек көрсетуге негізделген арнайы мамандандырылған техникалары болмаса да, автожол жұмыскерлері қыс кезінде жиі болып тұратын төтенше жағдай салдарынан орта жолда істен шыққан автокөліктер мен тонған адамдарға көмек көрсету шараларын атқарып тұрады. Айта кетейік, бұл кәсіпорын еліміздегі 23,5 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарда қызмет көрсетеді. «Қазақавтожол» РМК-ның құрамында облыстық 14 филиал және «Қазақавтожол-Көкшетау» еншілес мемлекеттік кәсіпорны бар. Автокөлік жолдарында қызмет көрсету бағытында осы кәсіпорында 3,5 мың адам жұмыс істейді. Жылдың қыс мерзімінде мекеме қызметкерлері жолды қардан тазалау жұмысымен айналысады.

Соңғы жаңалықтар