09:35, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана - Петропавл» тас жолының бойында жол апаты орын алып, 27 жастағы жүргізуші көз жұмды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Астана - Петропавл» тас жолының бойында жол апаты орын алып, 27 жастағы жүргізуші көз жұмды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. «Жол апаты 11-ші тамызда күндізгі уақыт 12:16 минут шамасында Шортанды ауданы аумағы арқылы өтетін «Астана - Петропавл» тас жолының 77-ші шақырымында орын алған. Осының салдарынан «Тойота-Solaris» автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі кезде жол апатының себеп-салдары анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.