Астана полицейлері елордаға есірткі заттарын жеткізу каналын жойды
Кешенді жедел-тергеу және іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған Жамбыл облысының тұрғыны 1982 жылы туған «Д» есімді азамат ұсталған.
Бір уақытта Астана қаласында ЕБҚКБ қызметкерлері фигуранттың қылмыстық байланыстарын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде оның екі мүшесі елорда аумағында есірткі заттарын тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қатысы бар 37 және 39 жастардағы жергілікті тұрғындарды ұстады, олардан тұрғылықты жері бойынша жабдықталған жасырын орыннан жалпы салмағы 15 килограмм «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 297-бабы «Адамдар тобының алдын ала келісуі бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын сату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Барлық ұсталған тұлғалар Астана қаласы ІІД УҰИ қамалған.