Астана полицейлері жезөкшелерге пәтер ұсынудың 26 фактісін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полицейлері жедел алдын алу шарасы барысында жезөкшеліпен айналысу үшін пәтерлерді ұсынудың 26 фактісін анықтады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД басшысының орынбасары Батырлан Есенбай мәлім етті.

Астана полицейлері жезөкшелерге пәтер ұсынудың 26 фактісін анықтады

«Жезөкшелікпен айналысу үшін пәтерлерді ұсынудың 26 фактісін анықтадық. Барлық істер сотта қаралып, қомақты көлемде айыппұлдар қарастырылды. Оның сомасы 100 айлық есіптік көрсеткіштен 1000 АЕК-ке дейін», - деді ол.

Б. Есенбайдың сөзіне қарағанда, бүгінде вокзал маңындағы аудан тұрғындарының өтініші бойынша ішкі істер департаменті осы учаскенің тұрғындарымен бірлесе «Қауіпсіз аула» шарасын ұйымдастырды.

«Осының аясында бірнеше үй күзетпен қамтылады», - деді Б. Есенбай.