Астана полицейлері жүргізуші қыз-келіншектерді тонаған жігітті қолға түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың полиция қызметкерлері жүргіуші қыз-келіншектерді ұрып, олардың қымбат бұйымдары мен ақшаларын ұрлаған ұрыны қолға түсірді. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментініңбаспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы елорда тұрғынын ұстады. 19 қараша күні кешкі сағат 18.00 шамасында күдікті азамат «Алаш» шоссесінің бойында «Лада Гранта» көлігін тоқтатады. Көлікті 25 жастағы қыз жүргізіп келе жатқан, жанындағы орындықта құрыбысы отырған. Көлік тоқтатқан жігіт жүргізушіден Қоянды ауылына дейін жеткізіп салуын сұрайды. Бірақ, жол-жөнекей ауылға баратын қысқа жолды білемін деп өтірік айтқан жігіт қыздарды иен далаға алып кетеді. Алдап, жол бойынан алысқа алып кеткен жігіт жүргізушімен құрбысын ұрып, ұялы телефондарын және бағалы әшекейлерін тартып алады. Бұнымен қоймай, көлікке отырып алады да, қалаға қарай бет алады», - деп хабарлады ІІД-ніңбаспасөз қызметі.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабы («ұрлық») және 200-бабы («көлікті заңсыз иелену») бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіміне тіркелген. Ұсталған күдікті осындай сипатта тағы бірнеше қылмыс жасалды деп болжанып отыр.

Полицияның хабарлауынша, «К» есімді қыз да осы күдіктінің үстінен арыз түсірген. «Жәбірленушініңайтуынша, 16 қараша күні сағат 17.00 шамасында белгісіз адам көлігін тоқтатып, Қоянды ауылына дейін жеткізуді сұраған. Бұл жолы да «ауылға баратын қысқа жолды көрсетемін» деген күдікті жүргізушіні басқа жолға түсіреді. Кейін, күш қолданып, жәбірленушіні зорлаған және оның жеке заттары мен ақшасын ұрлап әкеткен. Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ІІД.

Күдікті адам соттың шешімімен қамауға алынды. Қазір күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Осы ретте, Астана қаласының Ішкі істер департаменті барлық жүргізушілерге сақ болыңыздар деп ескертеді. Полиция көлікке бөтен адамды отырғызып, қала сыртына кету - өте қауіпті екенін ерекше ескертіп отыр.

Ал ІІД осы күдікті адамнан зәбір көрген өзге де адамдар болса, мына телефондарға хабарласуын сұрайды. 71-66-40, 71-61-47, ұялы тел:. 87029996906.

Соңғы жаңалықтар