Астана полициясы 13 жасар қызды бес күннен бері іздестіріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада із-түзсіз жоғалған 13 жасар қызды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астанада 6 маусым күні жоғалған 13 жасар қызды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта елордалық полиция күштері қызды іздестіруге жұмылдырылды, жақын маңдағы аумақтар тексеріліп, қыздың таныстары мен достарынан жауап алынып жатыр», - деді Алмас Сәдубаев.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Астанада 13 жасар қыздың жоғалып кеткенін жазған болатын. Қыздың туыстары полицияға хабарласқан.