Астана полициясы автобазарлардан көптеген ұрланған заттар тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы «Көктал» және «Титан» автобазарларының аумағын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана полициясы автобазарлардан көптеген ұрланған заттар тапты

«Қазіргі таңда «Сатып алу» жедел-профилактикалық іс-шаралар Астана қаласындағы автобөлшектер алып-сататын екі ірі базарда өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз - қолданылған автобөлшектерді сатып алуға және сатумен айналысатын кәсіпкерлерге ұрланған затты сатып алу туралы жауапкершілікті ұғындыру. Олармен жұмыс жасалып жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД криминалдық полиция бастығы Дмитрий Демидов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге сатушының құжаттарын сканерлеу арқылы сатушының жеке басын анықтау қажеттілігі туралы кеңестер беріліп жатыр. Осы кеңестерге сәйкес, көшірмеде оның қашан және нені сатып алғаны көрсетілуі тиіс.

«Біз кәсіпкерлердің есіне түсіре алмаған немесе осы заттардың иесін көрсете алмаған заттарын тәркіледік. Бізде көптеген заттардың ұрлану фактілері бар. Осы жағдайда екі тараптың - зардап шегушінің де, кәсіпкерлікпен айналысушының да мүдделерін қорғауға тиіспіз», - деді полицей.

Сондай-ақ, ол тергеудің кәсіпкердің тауарларының ішінен ұрланған заттар анықталған жағдайда ғана жүргізілетінін түсіндірді.