Астана полициясы футбол бұзақыларының жолын кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК мен «Жальгирис» ФК арасындағы матчтан кейін жанкүйерлердің бұзақылық әрекеттерін жасамақ болды.

Астана полициясы футбол бұзақыларының жолын кесті

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Полицейлер  бұзақылық әрекеттерінің  жолын кесу үшін шаралар қабылдап, заңбұзушылықтың алдын алды. 

ІІД-нің хабарлауынша, матчтағы қоғамдық тәртіпті екі мыңнан астам полицей мен Ұлттық гвардиясының қызметкерлері қамтамасыз етті.
Ойын басталғанға дейін полиция қызметкерлері жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті бұзу және бұзақылық әрекеттерге жауапкершілік жүктелетіндігін ескертті.  

«Астана» мен «Жальгирис» клубтарының арасындағы ойынды 15 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.

Осыған дейін хабарланғандай, «Астана» футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу туры аясында «Жальгирис» командасын 2:1 есебімен жеңді.