Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері далада қалдырылған нәрестенің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралар кешенін жүргізуде.

Астана полициясы нәрестесін далада тастап кеткен көкек анаға іздеу жариялады

«22 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Ақмешіт көшесіндегі жатақханалардың бірінің баспалдағының астында жаңа туылған нәресте табылды. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері оны балалар ауруханасына жеткізді. Жынысы ер бала көрпешеге оралған күйінде табылды», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша («қауіпті жағдайда қалдыру») тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.