Астана полициясы «Tesla Education» орталығына қатысты арыздарды қарауға кірісті

АСТАНА. KAZINFORM - «Tesla Education» білім беру орталығына қатысты ата-аналардың шағымы бойынша құқық қорғау органдары тексеруді бастады.

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ата-аналардың айтуынша, оқу орны оқу ақысын қайтармай, күн сайын түрлі себеппен созып келген. Олардың сөзінше, орталық бүгін мүлде жұмысын тоқтатқанын жеткізген. Бірқатар ата-анаға шамамен бір миллион теңгеден қарыз екені айтылған.

Полиция департаментінің түсіндірмесіне сәйкес, «Tesla Education» орталығында білім алған балалардың ата-аналары бірлескен арызбен жүгінген.

- Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Тексеру жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының лауазымды адамдары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар