«Астана» президенттік клубы Алматыда Универсиада өткізуге көмектеседі

«Таяу уақытта біз Универсиаданы ұйымдастыру комитетімен серіктестік туралы меморандумға қол қоймақпыз. Осылайша, біз ұйымдастырушыларға толыққанды, жан-жақты көмек беретін боламыз. Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдері өз тараптарынан біздерге нақты жәрдем де береді. Қазіргі уақытта құжатқа қандай ережелер кіргізілуі тиістігі талқылануда», - деді ол.
Ю.Мельниченко Универсиаданың Олимпиада ойындарынан кейінгі орын тұрған әлемдік деңгейдегі спорт жарысы екендігін еске салып өтті. «Бұл - еліміздің қонақжайлығын дәне спорттық инфрақұрылымдарының деңгейін спорт әлеміне таныстырудың бірегей мүмкіншілігі», - деді Ю.Мельниченко.
Сонымен қатар ол Универсиаданы өткізу алдағы уақытта Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміт артуға да бірегей мүмкіндік беретіндігін айтты. Өйткені, Универсиаданың барлық нысандары толығымен қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қажетті спорттыққұрылымдардың міндетті тізіміне кіргізілетін болады.
«Барлық спорттық құрылымдар халықаралық комитет тарапынан сынақтан өткізіледі. Содан кейін Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы бұл нысандарды тапсыру барысында ең заманауи спорттық инфрақұрылымдарға ие деп саналатын болады», - деді «Астана» клубының басқарушы директоры.
Оның пайымынша, қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде жақсы нәтиже көрсете алады. Өйткені, біріншіден, олар жергілікті табиғи жағдайға өзгелерге қарағанда жақсы бейімделген. Екіншіден, Қазақстанда өте қызықты жанкүйлер қоғамы қалыптасқан. Олар ірі спорттық шара барысында өз спортшыларына толықтай қолдау көрсете алады.
«Жеңіске мүдделі жанкүйерлердің болуы - бұл спортшылардың жинақы болуына мүмкіндік беретін фактор. Қазақстандық жанкүйлердердің көп болуы аталған жарыста біздің атлеттеріміздің барынша жемісті өнер көрсетуіне мүмкіндік береді», - деді Ю.Мельниченко.