Астана процесі: Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сирия бойынша Астана процесінде кепілгер елдер халықаралық қауымдастықтарды, әсіресе Біріккен Ұлттар ұйымын Сирияға гуманитарлық көмек көрсету шараларын арттыруға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кепілгер елдер (Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы) алдын ала шарт қоймастан, Сирия аумағындағы барлық сириялықтарға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру керектігін атап өтті. Халықаралық қауымдастықтарды, әсіресе БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес, Сирияға көмектесуге, гуманитарлық тасымалды көбейте отырып, базалық инфрақұрылымдық нысандарды - су және электрмен қамту желілерін, мектептер мен ауруханаларды қалпына келтіруге шақырды», - деді кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқыған ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді.

Айта кетсек, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқыған Мұхтар Тілеуберді Астана процесіне Ирак пен Ливияның қосылуы мүмкін екенін жариялаған болатын. Еске сала кетсек, бүгін елордада Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Соңғы жаңалықтар