Астана процесіне Ирак пен Ливан қосылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сирия бойынша Астана процесіне қатысуға Ирак пен Ливан елдері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Тараптар Астана форматының бақылаушылар санын арттыру мәселесін талқылады. Кеңесе келе, Сирияға көрші елдер Ирак пен Ливанды - Астана процесіне қатысуға шақыру келісілді», - деді келіссөздердің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді.null

Кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқыған Мұхтар Тілеуберді процеске қатысушы мемлекеттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана форматын жолға қойған еңбегін ерекше атап өткенін айтты.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Соңғы жаңалықтар