Астана процесіне БҰҰ-ның арнайы өкілі Гейр Педерсен келеді
АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сирия бойынша Астана процесіне БҰҰ-ның осы мәселе жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің келетінін мәлім етті.
«Астана форматындағы кепілдер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес, 2024 жылғы 24-25 қаңтарда Қазақстан елордасында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша ХХІ халықаралық кездесу өтеді.
Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ, БҰҰ, БҰҰ-ның Босқындар істер жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық «Қызыр крест» комитетінің өкілдері қатысады деп күтілуде», - деді Айбек Смадияров.
СІМ ресми өкілі журналистердің сауалнамасына жауап бере отырып, БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің Астанаға келуі жоспарда бар екенін растады.
Сондай-ақ, ол кездесу аясында қандай мәселелер қаралатынын атап өтті.
«Алдын ала күн тәртібіне сәйкес, Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, Сириядағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру және тағы басқа мәселелер енгізілді», - деді СІМ ресми өкілі.