«Astana Qazaqstan Team» командасы «Вуэльта Андалусия» көпкүндігіне қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Astana Qazaqstan Team» командасы жоғары дәрежелі «Вуэльта Андалусия» көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады.

спорт
Фото: astana-qazaqstan.com

Велокөпкүндік 14 және 18 ақпан аралығында Испанияда өткізіледі.

Аталған веложарыста «Astana Qazaqstan Team» командасының құрамында Глеб Брусенский, Лоренцо Фортунато, Макс Кантер, Вадим Пронский, Даниил Марухин, Рюдигер Зелиг, Сантьяго Умба сайысқа түседі.

«Вуэльта Андалусия» көпкүндігі 1925 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазақстандық велошабандоздар қатарынан Александр Шефер 2001 жылы үшінші орын алған еді.

Көпкүндікте жекелей сында испаниялық Алехандро Вальверде 2012, 2013, 2014, 2016, 2017 жылдарда бес мәрте жеңімпаз атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы өткізілді.