Астана - Щучинск трассасы жабық тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» ЖШС дерегі бойынша, Ақмола және Павлодар облыстарының тасжолдары жабық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

26 наурыз күні сағат 07.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, көктайғақ, жолдың көрінбеуі) «Астана-Щучье» (18-231 км) тасжолының учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында сағат 07.00-ден бастап боран мен жолдың көрінбеуі салдарынан облыстық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. 

Соңғы жаңалықтар