00:09, 30 Қазан 2023 | GMT +5
«Астана Су Арнасы» елорда тұрғындарының неліктен сусыз қалғанын түсіндірді
«Астана Су Арнасы» МҚК елордада неліктен ауызсу беру тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

29 қазан күні сағат 21:58-де Қалалық ВЛ-110кВ шеңберінде апатқа байланысты жарық сөндірілді. Қазіргі апаттың себеп-салдары нақтыланып жатыр.
«Бұл жағдай сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесіне де әсер етті. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер апатты жою жұмыстарымен айналысып жатыр»,-делінген хабарламада.