Астана-Талдықорған бағытындағы ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпай қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Бүгін Астана - Талдықорған бағытындағы ұшақтың кестеден кешігуіне байланысты әлеуметтік желіге жолаушылардың наразылығы жарияланған еді. «Жетісу» әуекомпаниясы жауап берді.

Deal on sale of Qazaq Air to Vietnam's SOVICO to close in Sep - Ministry
Photo credit: facebook.com/QazaqAir

Әлеуметтік желіде Астана әуежайында Талдықорғанға жете алмай тұрған жолаушылардың наразылығы жарияланды. Жазбада «Qazaq AIR» әуекомпаниясының өкілі Талдықорған қалалық әуежайының ұшақты қабылдауға дайын емес екенін айтады.

Ал «Жетісу» әуекомпаниясына жауапты басшылар ұшақты қабылдауға толық дайын екенін, рейстің кешігу себебін ауа райының қолайсыздығынан деп түсіндірді.

«Ұшақтарды мұздан тазартуға арналған сұйықтықтың жоқ екендігі және арнайы көліктердің жұмысқа жарамсыздығы туралы әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтің шындыққа жанаспайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, автотехника жұмысқа жарамды, оталып тұр және мұздан тазартуға арналған сұйықтықпен қамтамасыз етілген. „Астана-Талдықорған“ бағытындағы ұшақты қолайсыз ауа-райы мен таңертеңнен бері жауып тұрған қардан ұшу жолағының көрінбеуіне байланысты „Qazaq Air“ әуекомпаниясы әуе рейсін тоқтатуға мәжбүр болды», — деді «Жетісу» әуе компаниясы президентінің міндетін атқарушы Жайдарлы Құдайбергенов.

Айта кетейік Талдықорған әуежайы аптасын үш күн: сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері Астанадан келетін ұшақтарды қабылдайды.

Еске салайық осыған дейін Орталық Азиядағы ең биік сарқырамаға апаратын жол жөнделетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар