Астана - тәуелсіздігіміздің төл перзенті - Елбасы

АСТАНА 5 шілде. ҚазАқпарат - Астана - тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Қымбатты отандастар, құрметті астаналықтар. Әрбір қаланың өз тағдыры бар. Ол тұрғындарының, тұрған елінің тағдырымен тығыз байланысты. Біздің бас қаламыз Астана тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Астананың болашағы тәуелсіз еліміздің болашағы»,-деді ҚР Президенті.

Елбасының атап өтуінше, еркін еліміз өсіп, өркен жая берсе, Астанамыз да алыс қияға көз тігіп, дами беретін болады. Жас астанамыздың қаласы да, оның тұрғындарының санасы да жаңа заманға лайық болса, шығар шыңымыз шырқау биікте болады.

«Халқымыздың жаңа ғасырдағы жарқын шежіресі дәл осы жерде жазылып жатыр. Жазыла да беретін болады. Жасампаздықтың жарқын үлгісі, бейбітшіліктің бесігі астанамыз еркін еліміздің түпкі межесі мәңгілік елдің арқауы болып жасай берсін. Астана мерекесі құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Болашағымыз жарқын болсын»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар