Астана Тәуелсіздік пен Елбасының маңызды жетістігі мен жеңісі - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Астана Тәуелсіздік пен Елбасының маңызды жетістігі мен жеңісі.
None
None

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының кезекті XIII съезі барысында Астана қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов осылай мәлім етті.

«Кемел кезеңнің заңды да заңғар ұранына, тәуелсіздіктің тұмарына айналған Астана да әлем алдында қуатты елдің жұлдызын жарқыратып тұрғандай. «Жүрексіз ер, жұлынсыз бел, астанасыз ел болмас» деген. Жүрек тәнге қан берсе, астана елге жан береді. Ендеше азат елінің астанасымен мақтанбайтын қазақ бар ма? Мұндай «жүрегім - жұлдызым» деп елжірейтін астана қашан болып еді? Ия, бас қала болғанымен, шынайы астана болмады. Тігілген үй болғанымен, ол үйде шалқайып қонақ күтетін күй болмады. Ал осы күні ше? Төрт дүниені билеген небір алпауыт елдің басшылары елордамыздың ақ босағасынан еңкейіп кіріп, марқайып шығып жатыр. Ол да болса, айнала түгел қызығушы пейілдеске де, қызғанушы тілеулеске де қазақты дербес ел ретінде танытып, үстем мерейімен үлкен мәртебесін дәлелдейді. Міне, тәуелсіздіктің, Елбасының ең маңызды жетістігі де жеңісі де осы», - деді И. Тасмағамбетов.

Бұдан кейінгі сөзі барысында қала басшысы М. Ататүрік кемеңгерлігіне қайта тоқтап, сол заманда Түрік басшысына елі «ғази» яғни жеңімпаз атағын бергенін айта келе, халықтың қалауымен, ұлттың сұрауымен төрт мәрте Түрік Республикасының Президенті болып сайланғанын тілге тиек етті. «Тағдырдың тарлығы болмағанда талай істің басында тұрып, ел жұртының сенімінен сындарлы көңілінен талай шығатын еді. Осы ретте Ұлыбритания Премьер-Министрі Лой Джорджд: «Ғасырлар данышпанды сирек береді. 20 ғасырда ұлы тұлға түрік ұлтынан шықты. М. Кемалдың данышпандығына қолдан келер не бар», - деген екен. Араға ғасыр салып осы елдің басқа Премьері М. Тетчер: «Қазақстанның бүгінгі жеңістерін сараласам, қашанда таңғаламын. Н. Назарбаевтың данышпандығы да осы жеңіске толы жемісті жолды жай ғана кезекті кезеңге балауында. Сөз жоқ Қазақстанның баянды болашаққа деген үміті тек Назарбаевтың есімімен байланысты», деп тұжырымдайды. Әрине, бұл отанын қалтықсыз сүйген, суығына шыдап, ыстығына күйген түрік дүниесінің қос тарланына әлемнің берген бағасы ғана емес, олардың тағдырлы озмышы, маңдайындағы жазмышы», - деді И. Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар