«Астана» телеарнасында автоәуесқойлар үшін «Қауіпсіз жол» бағдарлаасы ашылды

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Республикасының ІІМ Жол полициясы комитетінің бастамасы бойынша «Астана» телеарнасында «Қауіпсіз жол» бағдарламасы пайда болды - бұл еліміздің жолдарында не болып жатқаны туралы алғашқы ақпараттық бағдарлама, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

20 минуттық пайдалы ақпарат тек автомобилистер үшін ғана емес, сондай-ақ жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін арналған. Бағдарлама апта сайын демалыс күндері екі тілде шығады және біздің теледидардағы басқа бағдарламалардан өзгеше форматымен ерекшеленеді.

ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Б. Бисенқұлов атап өткендей: «Бұл бағдарламада біз мәліметтерді дағдылы ЖКО болған жерлерден, әлдеқандай қорқынышты оқиғаларды және т.с. түсіріп көрсетуден бас тарттық. Бағдарламада танымдық сипат бар, жаяу жүргіншілер, жолаушылар және жүргізушілер үшін теледидарлық көрнекі құралдың форматы бар. Көрермендерді көрнекі кеңестер, тест-драйвтер, жаңалықтар, жол үстінде қиын жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керек екеніне үйретуді қарастырады. Біздің бағдарлама қазақстандық телекөрермендер арасында өз көрермендерін табатынына үміттенемін».

Бағдарламада «Басты туралы өзектілік», «Оны білу қажет», «Жолдарда тұру», «Өзінің басынан кешіргені» және т.б. бірнеше тұрақты айдарлар жоспарланған. Оған Қазақстанның спорт және шоу-бизнес жұлдыздарын шақыру жоспарланған.

Сонымен қатар, бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің телеэкрандарында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша бейнероликтерді трансляциялауды бастады, ал 2012 жылы Жол полициясы комитеті балаларды жолда қауіпсіз тәртіпке бағытталған анимациялық фильмді эфирге беруге дайындауды жоспарлауда.

Жол полициясы комитетінде атап өткендей, осы сияқты профилактикалық іс-шараларды іске асыру біздің жолдарды қауіпсіз етуге және апаттылықты едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар