Астана теміржол вокзалында Санкт-Петербордан оралған Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебінің оқушыларымен кездесу рәсімі өтті

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Зүлфира Мағзұмова/ - Бүгін Астана теміржол вокзалында Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебінің оқушыларымен салтанатты кездесу рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Санкт-Петербор - Астана» бағытындағы пойыздан Санкт-Петербор мемлекеттік ақпараттық технология, механика және оптика университетінде оқып қайтқан интеллектуалды мектептің 7-8 сынып оқушылары келіп түсті.

Команда құрамында бағдарламалау жөніндегі қалалық олимпиаданың жеңімпаздары 7 «С» сынып оқушылары - Темірлан Жұманов, Александр Мелесенцев, сондай-ақ аталған Ресей оқу орнының жаздық бағдарламалық мектебіндегі оқудың қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен балалар кірген болатын.

«Оқытушылардың жоғары біліктілігі  мен тәжірибелілігі күмән туғызбайды. Ал оқу бағдарламасына келетін болсақ, ол өте қызықты және түсінікті болды»,  дейді Темірлан Жұманов.

Оны Александр Мелесенцев те қолдайды. «Біліктілігімді арттыру - менің болашағыма жеңілдік туғызды. Осындай білімді алғаннан кейін ғылыми жобаларға да бірден кірісуге болады. Маған HTML негіздерін, JavaScript стильдерін, Ajax, SVG графикасын оқу ұнады», дейді ол.

15 жасқа дейінгі балалар үшін жасалған бұл іс-шараны «Өркен» АҚ ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар