Астана – Теміртау тасжолында бірнеше жол апатын ЖИ камералары тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана — Теміртау автожолында жасанды интеллект элементтері бар камералар бірнеше жол-көлік оқиғасын тіркеді.

Астана – Теміртау тасжолында бірнеше жол апатын ЖИ камералары тіркеді
Видеодан алынған кадр

Бейнежазбалардан бір бағытта қозғалып келе жатқан көліктердің соқтығысқаны көруге болады. Кейбір жүргізушілер жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет ете алмай, алда келе жатқан көліктерге соғылған.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жүргізушілердің жолдағы жағдайға назар аудармауына қалғып кету, шаршау немесе смартфонға алаңдау себеп болуы мүмкін. Жол апаттарының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Тіркелген жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар жоқ.

Ұлттық компания жүргізушілерді көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланбауға және ұйқы қысқан немесе шаршаған жағдайда жолды жалғастырмауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін республикалық трассаларда «ҚазАвтоЖолдың» техникалық көмек пикаптары жұмысын бастағанын жазғанбыз.