«Астана теплотранзит» АҚ жаңа инновациялық технологияны таныстырды

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана теплотранзит» АҚ-да қазандықтар мен мен жылу агрегаттарында кездесетін тотты жоятын инновациялық технологияның таныстырылымы болды.
None
None

Компания мамандарының айтуынша, бүгінде қазандықтар мен жылу агрегаттарында болатын тоттың салдарынан жанар-жағармайды көптеп жағуға тура келеді. Оған қоса, аталған қондырғыларды жөндеуге біраз қаражат кетеді. «Мәселен, тоттың қалыңдығы 1 миллиметр болса, қазандық жанар-жағармайды 6-8 пайызға артық жейді. Ал кейбір жылу агрегаттарында ондай тоттың қалыңдығы 4-6 миллиметрге дейін жетеді. Ондай шығынның көлемі миллиондаған теңгені құрап жатады», - деп атап өтті «Астана теплотранзит» АҚ-ның қызметкері Андрей Князев.

Соңғы жаңалықтар