Астана төңірегінде қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу қажет - Сағынтаев

«Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдермен бірлесіп, іріктеп алынған инвестициялық жобаларды іске қосу кестесін әзірлеп, Үкіметке енгізуі тиіс. Мұнан бөлек, ет, сүт саласына қосымша инвесторлар тарту мәселесін қарастыру қажет. Асқар Исабекұлы (Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі - авт.) Астана мен Алматы төңірегінде супер қайта өңдеу кәсіпорынын құруды тапсырамын. Ұсыныс енгізу қажет», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Премьер-Министр Алматы түбінен жаңа авиахаб құрылысына қатысты нақты ұсыныстарды 1 желтоқсанға дейін енгізуді тапсырып, Инвестициялар және даму мен Ұлттық экономика министрліктеріне 10 қыркүйекке дейін Жер қойнауы туралы кодекстің жобасын Президент Әкімшілігімен келісіп, сол айдың соңына дейін Парламентке енгізуді жүктеді.