Астана төрінде құтқарушы сарбаздар сап түзеп барады

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы әскери парадта Төтенше жағдайлар министрлігінің халықты өрт пен тасқыннан, зілзала мен техногендік апаттан құтқаруға маманданған офицерлері мен сержанттары бой көрсетті.

Как прошел Парад Победы в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Арыс пен Байзақ ауданындағы алапат жарылыстар; Қостанай, Абай облысындағы орман өрттері; Жомарт, Ленин шахталарындағы қайғылы апаттар; кейінгі 80 жылда болмаған, 100 мыңнан астам адамның өміріне әсер еткен 2024 жылғы тасқын; бұлардың бәрі Төтенше жағдайлар қызметін шұғыл реформалау керектігін көрсеткен. Парад алаңында осы реформаларды жүйкесімен сезініп, өн бойынан өткізіп жүрген сарбаздар кетіп барады. 

Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен адамдарды құтқару жолында ерлікпен қаза тапқан құтқарушы Асқар Забикулин тәуелсіз ТЖМ жүйесіндегі қызметкерлердің мәңгі үлгі тұтар тұлғасы болып тарихта қалғаны жұрттың жадында. 

Айта кету керек, бүгінгі әскери шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшу аппараты тартылған.

Сондай-ақ, парадта биыл сатып алған су жаңа Airbus А-400 әскери-көлік ұшағы алғаш рет қатысып отыр. Армиялық Ми-17, Ми-171Ш, Ми-35 және көліктік С-295, Ту-154М, Л-410 ұшақтары, Су-30СМ, Су-25 жойғыш ұшақтары, Л-39 оқу-жауынгерлік ұшағының экипаждары шерудің айбынына әуеден айбын қосуда.

Соңғы жаңалықтар