Астана тұрғыны аялдамада автобустың алдыңғы әйнегін сындырды

Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform

бұзақылық
Фото: видеодан алынған кадр

Оқиға 16 қараша таңғы сағат 05:50–де болған.

Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.

Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар