Астана тұрғыны көлік жөндеу орталығында арыстанның күшігін асыраған

АСТАНА. KAZINFORM — Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз асыраған арыстанның күшігін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Астана тұрғыны көлік жөндеу орталығында арыстанның күшігін асыраған
Фото: Видеодан алынған скрин

— 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды ТҚС-ның қосалқы бөлмесінде ұстаған. Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны арыстан мен жабайы құстарды үйінде асырағанын жазған болатынбыз.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынды.