Астана тұрғындары Президенттікке үміткер Н.Назарбаевтың кандидатурасын қызу қолдайды
Бұл туралы бүгін Президенттікке кандидат Н. Назарбаевты қолдау жөніндегі Астана қаласындағы қоғамдық штабтың төрағасы Әмірхан Рақымжанов айтты.
«Кеше, қалалықтардың 14 мыңнан астам қолы жиналды. Сенімді тұлғалар кәсіпорындардағы электоратпен, түрлі ұжымдарда, бастауыш партиялық ұйымдарда жұмыс істеуде. Атап өту керек, қала тұрғындарының белсенділігі жоғары», - деді Ә.Рақымжанов.
Оның сөзіне қарағанда, елордалықтар Н.Назарбаевты қолдау үшін өз қолдарын қалай және қайда қоя алатындықтарын білу үшін үздіксіз қоңырау шалуда.
«Бүгінгі күннің соңына дейін сенімді тұлғалар біздің кандидатты қолдайтын 20 мыңнан астам қол жинап әкелетініне сенімдіміз», - деді қалалық штабтың төрағасы.
Ә.Рақымжанов атап өткендей, бүгінгі күні 300-ден астам сенімді тұлға тіркеліп, куәліктерін алды. Әрбір сайлау учаскісінде кем дегенде үш сенімді тұлғадан болады. Қалалық штабқа қоғам қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер, мәслихат депутаттары мен басқа да қоғам өкілдері енді.