Астана тұрғыны дәрумендердің қорапшасында героин тығып, түрмеге өткізбек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны дәрумендердің қорапшасында героин жасырып, түрмеге өткізбек болған, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметінен.
«15 тамызда тексеру бөлмесінде ЕЦ-166/10 мекемесінің (қатаң режим, Астана қ.) қызметкерлері «Ревит» дәрумендерінің қорапшасына назар аударған. Дәрумендердің арасынан дәруменге қатты ұқсайтын 7 целоффан орама табылды. Сот-химиялық сараптамасының нәтижесінде орамаларда жалпы салмағы 25,5 грамды құрайтын героин болғаны анықталды»,- делінген хабарламада.
Аталған фактінің материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.